Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау жұрты Әлем чемпиондарын дүркіретіп күтіп алды (фото)

Опубликовано:

19-20 қазан күндері Украинаның Киев қаласында өткен комбат джиу-джитсудан Əлем Чемпионатында топ жарған чемпиондарды Ақтау қаласының əуежайынан Маңғыстау жұртшылығы дүркіретіп күтіп алды.

Маңғыстау жұрты Әлем чемпиондарын дүркіретіп күтіп алды (фото)

Салтанатты шараға облыстық спорт басқармасы мен облыстық джиу-джитсу федерация басшылары келді. Сонымен бірге, жеңімпаздарды қарсы алуға келген тұрғындар мен спортшылардың ата-аналары жеке бапкер Болат Дюсенбиевке өз алғыстарын білдірді.

Маңғыстау жұрты Әлем чемпиондарын дүркіретіп күтіп алды (фото)

Киевте өткен жарысқа 20-дан астам мемлекеттен 500-ден аса спортшы қатысқан.

2 күнге созылған байрақты бəсекеге Қазақстан ұлттық құрамасынан 26 спортшы қатысып, Маңғыстау облысынан барған Əбу-Бəкір Жəнібек, Əлия Тлепова, Азамат Абаев жеңімпаз болып Əлем чемпионы атанды.
Маңғыстау жұрты Әлем чемпиондарын дүркіретіп күтіп алды (фото)

Бұл жарыста Азамат Абаев +94 келі салмақ дəрежесінде Латвия, Украина, Польша, Қазақстан мемлекетінің спортшыларымен 4 кездесу өткізіп, жеңімпаз болды.

Ал осы жылы Монғолияда өткен Азия чемпионатың чемпионы жəне бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы Алия Тлепова 63 келі салмақта Турция, Украина, Панама, Украина мемлекетінің спортшыларымен кездесіп, Əлем чемпионы атағын жеңіп алды.

ппппппппп
Сондай-ақ, Əлияға жарыс соңындағы марапаттау кезінде CJJF өкілдері қара белбеу атағын тапсырды.

Ал осы жылғы Азия чемпионы, Кореяда өткен Бүкіл əлемдік жекпе-жек ойындарының жеңімпазы жəне Таиландта өткен студенттер арасындағы Əлем кубогының жеңімпазы Əбу-Бəкір Жəнібек -62 келі салмақ дəрежесінде Украина, Иран, Өзбекстан, Панама, Қазақстан елдерінің спортшыларымен 5 кездесу өткізіп, чемпион атанды.

ппппппппп

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының мəдениет жəне спорт вице-министрі Өркен Серікқалиұлы Бисақаев спортшыларға арнайы құттықтауын жолдады.

"Украинаның Киев қаласында өткен Əлем біріншілігінде чемпион атанған спортшыларды жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл ұлттық құрама мен жеке бапкерлердің төккен терінің еңбегін деп білеміз. Осындай байрақты бəсекеде Қазақ елінің көк туын көтерген спортшыларға шын көңілмен алғыс білдіремін", - деді Өркен Серікқалиұлы.
ппппппппп

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824187-magystau-zrty-lem-cempiondaryn-drkiretip-ktip-aldy-foto/

pixel