Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Канеломен кездесу өткізгіміз келеді": Қанат Исламның менеджері мәлімдеме жасады

Опубликовано:

26 қазанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасады. WBO International чемпиондық атағы сарапқа салынатын жекпе-жек Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Бұл кездесудің алдында Қанат Исламның менеджері батыл мәлімдеме жасады деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Қазақстандық боксшының менеджері Нельсон Лопес ертеңгі кездесуді әлемдік бокс жұлдызы Сауль Альвареспен жекпе-жек алдындағы "трамплин" деп есептейді.

"Егер Уолтермен жекпе-жек біз жоспарлағандай өтсе, онда одан кейін "Канеломен" жұдырық түйістіргіміз келеді. Біз бәріне дайынбыз.
Әлемдік рейтингте 8-орындамыз, бірақ біз бірінші болуға тиіспіз. Сауль Альварес Қанат Исламмен жұдырықтасуы керек. Біздің командамыз бұл жекпе-жектің Қазақстанда өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", – деген Нельсон Лопес Қазақстанға ақша үшін келмегенін, су жаңа әлем чемпионын көргісі келетінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824192-kanelomen-zekpe-zek-tkizgimiz-keledi-kanat-islamny-menedzeri-mlimdeme-zasady/

pixel