Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алаяқ қыз "грант алып беремін" деп студенттерді алдап кеткен

Опубликовано:

Алматыда өзін медициналық университеттің студенті ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған 23 жастағы бойжеткен ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

пппппп
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Түркістан облысының 1996 жылғы тумасы білім беру саласында алаяқтық жасағаны үшін қолға түскен.

Ол «медуниверситеттің студентімін, грант алып бере аламын, ол жерде жақсы таныстарым бар» деп мектеп бітірушілер мен басқа да оқу орындарының студенттерін алдаған.

Күдікті құрбандарымен тікелей байланысқа шықпаған, үнемі достары арқылы хабарласқан екен.

Осы қызметі үшін ол әр адамнан 250-300 мың теңгеге дейін ақша алған.

"Қазіргі уақытта оның қалада 10-нан астам осындай алаяқтық іске қатысы бары анықталды", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824212-almatyda-alaak-kyz-grant-alyp-beremin-dep-studentterdi-aldap-ketken/

pixel