Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемендегі сауда үйінің едені неліктен құлпытас бөлшектерінен төселген

Опубликовано:

Өскемендегі сауда үйінде мозаикалық еденді төсеу үшін қолданылған құлпытас сынықтары гранит өндірісінің қалдығы екені анықталды деп хабарлайды baq.kz.

Фото: yk-news.kz
Фото: yk-news.kz: UGC

YK-news.kz хабарлауынша, жеке кәсіпкер Козырев материалды жеткізуге жауапты болған. Гранит өңдеу шеберханасындағылар жағдайды түсіндіріп өтті.

"Біз қаптау жұмыстарымен де айналысамыз. Бізге Қытайдан және Алматыдан алдын ала кесілген граниттер жеткізіледі. Біз оларды арнай контейнерге жинақтаймыз. Құлпытастарға портрет салатын суретші тапсырыс берген адам бас тартқаннан кейін құлпытасты дәл сол контейнерге салған. Жұмысшылар материалды сұрыптап алулары керек еді. Алайда, байқамай қалған болуы керек", - деді шеберхана өкілі.

Айта кетейік, өңірдегі "Әлем" сауда үйінен түсірілген фото мен видео желіде тарап кетті. Суреттерде мозаикалық еденді төсеген кезде қайтыс болған адамдардың портреттері бейнеленген құлпытастардың қалдықтары пайдаланылғаны көрініп тұр.

"Әлем" сауда үйінің әкімшілігі аталмыш деректі растап, бар жауапкершілік тапсырысты жасаған адамға жүктелетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824302-skemendegi-sauda-jini-edeni-nelikten-klpytas-blsekterinen-tselgeni-anyktaldy/

pixel