Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйеліне хабарлама жібердім": Сүйіктісінің отбасын ойрандаған келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Отбасылы ер адаммен көңіл жарастырған келіншек одан қол үзіп қалмау үшін жұбайына бар шындықты жайып салғанын алға тартты. Алайда әйел адамның сөзінше, ер адам соған қарамастан отбасын сақтап, әйелімен бірге болғысы келетінін айтқан деп жазады forum_kaz парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Келіншектің сөзінше, ол сүйіктісінің отбасылы адам екенін білген кезде ештеңеге қарамастан онымен қарым-қатынас құруын жалғастыра берген.

Алайда ер адам әйелін сүйетінін, отбасымен қалғысы келетінін айтыпты.

"Бір жігітпен кездесіп, ұзақ уақыт қарым-қатынаста болдық. Кейінірек оның отбасылы азамат екенін білдім. Оған мән бермеуге тырысты, алайда бір айдан соң ол маған әйелін сүйетінін, қызынсыз өмір сүре алмайтынын айтып, айырылысуды ұсынды. Бірақ ол кезде мен оны қатты сүйіп қалдым", - дейді келіншек.

Арудың айтуынша, ол сүйгенінен қол үзіп қалмау үшін оның жұбайына бар шындықты айтып, хабарлама жіберген екен.

"Сөйтіп ол ұйықтап жатқан кезде мен оның телефонынан әйелінің нөмірін көшіріп алып, оған бар шындықты айтып, хабарлама жібердім. Қазіргі уақытта олар ажырасу үстінде. Сүйіктім ол туралы білген кезде менімен қалатынын, мені сүйетінін айтты. Барлығын шешу үшін үйіне қайтып оралды", - деді кейіпкер.

Алайда сүйіктісі өз ойынан айнып, отбасымен қалуды жөн көрсе керек.

"Араға бір апта салып жігітім әйелімен қосылғысы келетінін, мені тастайтынын алға тартты. Мен оның жұбайына хабарласып, бар шындықты білгім келді. Ол өз кезегінде мұндай опасыздықтан кейін онымен тұра алмайтынын, міндетті түрде ажырасатынын айтты. Не істерімді білмей қалдым", - дейді іштегі сырымен бөліскен әйел адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824408-jeline-habarlama-ziberdim-sjiktisini-otbasyn-ojrandagan-kelinsek-myn-sakty/

pixel