Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боксшы Абылайхан Жүсіповтің айдай сұлу келіншегі кім

Опубликовано:

Күні кеше бокстан әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Абылайхан Жүсіпов отбасын құрды. Оның таңдауы Индира есімді аруға түскен. Спортшының жүрегін жаулаған бойжеткен туралы KAZ.NUR.KZ редакциясы фоторепортаж ұсынады.

Қос ғашықтың дүбірлі тойы 27 қазан күні Қарағанды қаласындағы мейрамхананың бірінде өткен.

Абылайханның келіншегі Индира - биші, оның жеке "Шамшырақ" би-ансамблі бар.

Абылайхан сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты 2019 жылдың 26 шілдесінде жасаған. Индираның ұзату тойы қазанның 20 күні болған.

Ал, қос ғашықтың үйлену тойына бірнеше эстрада жұлдыздары қатысқан. Оның ішінде, Бейбіт Қорған, Нұржан Керменбаев, Қуандық Рақым бар.

Сондай-ақ, үйлену тойда Ұлттық құраманың боксшылары да қонақ болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824494-bokssy-abylajhan-zsipovty-kelinsegi-kim/

pixel