Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас келіншек өзі жоқта пәтеріне қыз әкеліп, көзіне шөп салған күйеуіне ренжіді

Опубликовано:

Күйеуімен небәрі бір жыл бұрын отасқан келіншек оның осы уақыт аралығында екі рет жасаған опасыздығын кешіргенін сөз етті. Айтуынша, ер адам өздерінің пәтеріне қыз әкеліп, сонымен уақыт өткізген деп хабарлайды forum_kaz парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Келіншектің сөзінше, ол тұрмысқа шығуға бір ай қалған кезде сүйіктісімен жиі ұрсысатын болған. Ал үйленгеннен кейін оның себебін білген.

"Күйеуіммен 2018 жылы үйлендік. Ара-қатынасымыз әрдайым жақсы еді. Алайда тойға бір ай қалғанда жиі ұрысып жүрдік. Бірақ некемізді қидыртып, демалысқа кеткен кезде оның маған тойға бір ай қалғанда опасыздық жасағанын білдім. Қатты ренжулі болдым. Артымнан жүріп, кешірім сұрады. Не де болса қателігіне көз жұмып жүре бердім", - дейді ол.

Араға жарты жыл салғаннан кейін әйел адам күйеуінің оған тағы опасыздық жасағанын біліп қойған.

Айтуынша, сүйген жары екеуінің пәтеріне бөгде қыздарды әкеліп жүрген.

"Жарты жылдан соң арқам ауырып, бір айға анамның үйіне кетім. Үнемі екпе салып, емделуім керек болды. Бірақ ол уақытта да күйеуімді ұмытпадым.

Қайтып келгенде сүйіктімінің түрлі танысу сайттарында отырып, біздің пәтерімізде менің көзіме шөп салғанын білдім. Тағы көңілім қалды.

Ажыраспақ едім. Ол туралы ата-аналарымыз да білген еді. Қалай болғанын білмеймін. Бірақ отбасымызды сақтап қалуды шештік.
Күйеуім бар уақытын жұмыс пен оқуына арнап, менің көңіліме қарап жүретін болды. Өзгеріп кетті. Десе де жүрегімдегі сызат кетер емес. Болашағым үшін алаңдаймын", - деп ағынан жарылды келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824541-zas-kelinsek-zi-zokta-pterine-kyz-kelip-kzine-sp-salgan-kjeuine-renzidi/

pixel