Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Назар Роллан 20 тәулікке қамалды

Опубликовано:

Алматы көшелерінде жол ережелерін өрескел бұзып, сол арқылы көпшілікке танылған Назар Роллан 20 тәулікке қамалды деп хабарлайды қалалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Назар Роллан. Фото: www.instagram.com/nazarrollan
Назар Роллан. Фото: www.instagram.com/nazarrollan: Instagram

Бұдан бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған жігіт мас күйінде Porsche автокөлігін жүргізген. Сол кезде оны полиция қызметкерлері тоқтатқан. Құқық бұзушыға қарсы әкімшілік іс қозғалды.

Жақында сот отырысы өтті. Онда Назар Роллан істі мойындап, әрекетіне өкінетінін мәлімдеді. Алайда, бұл жолы оған болмашы жазамен құтылып кетудің сәті түспеді.

Сот жігітті алкогольді масаю күйінде автокөлік жүргізу бойынша кінәлі деп танып, 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Еске сала кетейік, Назар Роллан 2018 жылдың күзінде автокөлігімен әл-Фараби көшесінің бойында қарама-қарсы бағытқа шығып, бұл әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Бұл құқық бұзушылығы үшін ол жеті тәулікке қамалып, алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Бар болғаны бір жыл ішінде жол ережелерін бұзғаны үшін 14 рет жауапкершілікке тартылған жігіт қоғам қайраткері, жазушы Роллан Сейсенбаевтың немересі болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824642-atysuly-nazar-rollan-20-tulikke-kamaldy/

pixel