Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мекенжай анықтамасы еліміздің кей өңірлерінде алынып тасталмайды

Опубликовано:

Қазақстанда мекенжай анықтамасын алып тастау туралы шешім қабылданды. Ел тұрғындары бұдан былай аталған құжатты алмайды және ешқайда тапсырмайды. Алайда, бұл барлық азаматтарға қатысты емес деп хабарлайды ҚР ІІМ миграциялық қызмет комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: gov4c.kz
Фото: gov4c.kz: Depositphotos

Ведомствоның мәліметінше, аталған құжат мемлекеттік қызметтер тізімінен алып тасталған соң қазақстандықтар мекенжай анықтамасын алмайды және ешқандай органдарға тапсырмайды.

Алайда, бұл Ресеймен шекара маңындағы ауылдар тұрғындарына қатысты емес. Олар бұрынғыдай тұрғылықты жері бойынша мәлімет ұсынатын болады.

Миграциялық қызмет комитетінде атап өткендей, қолданыстағы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге байланысты шекара маңындағы елді мекендерде мекенжай анықтамасы сақталады.

Сондай-ақ комитет өкілдері қараша айының басынан бастап аталған құжат мемлекеттік қызметтер тізімінен алып тасталынатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 1 қарашадан бастап азаматтардан мекенжай анықтамасын талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Барлық қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың дерекқорында сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824868-mekenzaj-anyktamasy-elimizdi-kej-irlerinde-alynyp-tastalmajdy/

pixel