Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құтырайын дедім": 40-тан асқан әйел жас жігіттерді қалайтынын жасырмады

Опубликовано:

Жасы 40-тан асқан әйел күйеуіне көңілі толмай, жас жігіттерге әуес болып жүргенін ашып жазды. Көптен кеңес сұраған ол тіпті өзінің де ұлы барын жасырмаған. Күйеуінің көзіне шөп салмаса да, өзгеге көңілі ауып жүрген келіншек өзінің жан сырын astana_forum парақшасында ақтарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әйел адамның сөзінше, ол ақыл тоқтататын жасқа келсе де, әлі күнге дейін жас жігіттерге көз тігеді екен.

"Сәлеметсіздер ме форум оқырмандары. Өз басымдағы мәселемен бөлісейін деп едім, бірақ соншалықты қиын дүние де емес.
  • Мен жасым 40-тан асқан, ақыл тоқтатқан, орта жастағы әйелмін.

Өмірде талай нәрсе басымыздан өтті, жақсысы да, жаманы да. Қазір жасым келіп, тынышталамын ба десем, бірақ қоятын түрім жоқ.

Күйеуіме көңілім толмай жүр, бұрындары сергек жүретін еді, қазір диваннан әрең тұрғызасың.

Қысқасы жас жігіттерге қарай бастадым. Шынымды айтсам өмірімде мұндай болады деп ойлаған емеспін", - деп әңгімесін бастаған келіншек.

Оның сөзінше, өзінің де ұлы бар екен.

"Жас жігіттер өздері маған көңіл аударады, бұрындары оған мән бермейтінмін, қазір байқайтын болдым. Өтірік айтпай-ақ қояйын, маған жас жігіттердің олай көз салуы ұнайды. Олар тіпті кейде ұялмай танысуға келеді.

Әрине күйеуімнің көзіне шөп салудан аулақпын, бірақ неге екенін білмеймін, жасы кішілерге көңілім ауады да тұрады. Бір жағынан осы әрекетім үшін, күйеуім мен баламның алдында ұяламын.

Өзім өте белсенді жанмын, бір орында отыра алмаймын, адамдармен араласқанды ұнатамын...

Мүмкін қартайғым келмейтін шығар. Немесе керісінше, қартайғанда "құтырайын" деген шығармын... Қысқасы ақыл-кеңестеріңіз керек", - деп жазған әйел адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824881-zastarga-kilim-auady-40-tan-askan-jel-kjeuine-kili-tolmajtynyn-asyp-ajtty/

pixel