Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жастағы ару селфидің көмегімен өзінің туған ата-анасын тауып алды

Опубликовано:

ЮАР-дың Кейптаун қаласының тұрғыны Миш Соломон BBC-ге берген сұқбатында селфидің оның өмрін қалай өзгерткенін сөз етті. Ол өзі 17 жыл бойы анам деп келген адамның бөтен кісі екенін біліп қойған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ВВС
Фото: ВВС: UGC

2015 жылы 17 жастағы Миш мектепте оқып жүрген кезде сыныптастары оның Кэссиди Нёрс есімді қызға ұқсайтынын айтқан.

Кэссиди бірнеше сыныпқа үлкен болғанына қарамастан қыздар тіл табысып, жақсы араласып кетіпті.

Бір күні қыздар селфи жасайды. Кэссиди суретті ата-анасына көрсеткен кезде олар қыздан құбысының қашан дүниеге келгенін сұрап білген.

Анықталғандай, Миштің туған күні олардың перзентханада із-түзсіз жоғалып кеткен сәбилерінің туған күнімен сәйкес келген.

  • Әкесі бірден полицияға арызданыпты.

Бір аптадан кейін мектеп директоры Мишті кабинетіне шақырып, оның 17 жыл бұрын ұрланғанын, қазіргі анасының шын мәнінде оған бөтен екенін айтыпты.

Мектеп оқушысы ДНҚ сараптамасын жасатқаннан кейін ата-ананың күдігі расталған.

"Мен расымен де абдырап қалдым. Өмірімді бақылауда ұстай алмай қалдым.
"Бұл менің жүрегімді жаралады. Ол маған керек еді. Тым болмағанда мен одан не үшін бұлай істегенін сұрап, не болып жатқанын білгім келді. Оның менің анам емес екені мені есеңгіретті", - дейді Миш Соломон.

Бала ұрлығы үшін Лавона Соломон алты жылға сотталды. Өзі бүгінде ана болып отырған Миш анасының тезірек түрмеден шыққанын қалайтынын айтты.

Миштің биологиялық ата-анасы бірге тұрмайды. Бойжеткен олардың ешқайсысымен тұра алмады. Қазіргі уақытта ол туғандарымен қарым-қатынас құруға тырысып жүр деп жазады BBC.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824902-17-zastagy-aru-selfidi-kmegimen-zini-tugan-ata-anasyn-tauyp-aldy/

pixel