Күздің соңғы айы қазақстандықтар үшін қандай болады
Опубликовано:
Синоптиктер Қазақстанда 31 қазаннан 2 қараша аралағыныда ауа райының қандай болатынын айтты. "Қазгидрометтің" болжамынша, елде жақын күндері күн суиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кезекті циклон Ресейдің еуропалық бөлігінде пайда болды және жандана бастайды. Алдағы тәулікте ол Оралға, ал оның суық ызғары Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аудандарына ауыстырылады.
Циклонның ауысуына абйланысты шығыс бағытта жаңбыр мен сулы қар түрінде жауын-шашын жауып, сондай-ақ күшті екпінді жел соғып, кей жерлерде боран мен көктайғақ болады.
Ауа температурасы климаттық нормадан 3...6°С-қа жоғары, республиканың солтүстік бөлігінде 8...13°С-қа жоғары болатын аномальды жылу күн сууымен ауысады.
Ауа температурасы қараша айының басында батыс аудандарында төмендеп, орташа көпжылдық көрсеткіштен 2...4°С төмен болады деп күтілуде деп хабарлады метеорологтар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825010-kzdi-sogy-ajy-kazakstandyktar-sin-kandaj-bolady/