Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жантүршігерлік оқиға: Ақтөбеде "Аллаху акбар" деп оқ атылғаны рас па

Опубликовано:

Ақтөбедегі танымал Instagram парақшасына оқырмандардың бірі жантүршігерлік жағдай туралы баяндады. Онда таңғы уақытта теміржол бойында отырған белгісіз адамның жүргіншілерге "Аллаху акбар" деп оқ жаудырғаны айтылған. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көрнекі фото: autocentre.ua
Көрнекі фото: autocentre.ua: UGC
"10 қазан күні таңғы сағат 5-тер шамасында ағам досымен бірге жұмыстан қайтарда "Малышка" ауданы Жаманқұлов көшесіндегі темір жол бойымен жүрген.
Сол жерде қолында қаруы немесе тапаншасы бар белгісіз адам "Аллаху акбар" деп оқ атқан. Олар қашып үлгерген. Мүмкін бұл хабарламаны полиция қызметкерлері көріп, бұл ауданға жиі бақылау жасар",- деген хабарламада.

Оқиғаның қаншалықты рас екендігі белгісіз. Себебі, желіге шыққан хабарландыру арқылы оқиға орнына барлау жасаған тәртіп сақшылары күдікті ештеңе байқамаған.

"Ол оқиғаның болғанын, не болмағанын ешкім білмейді. Instagram-ға шыққан жазбаға қатысты нақты дәлел жоқ. Полицияға арыз түскен жоқ.

Қазір адамдар полициядан бұрын желіге жазады. Шыққан ақпаратқа қатысты анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиға орнына қосымша жасақ жіберілді, әзірге ештеңе анықталған жоқ",-деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Фото: Жазбадан скриншот
Фото: Жазбадан скриншот: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825023-zantrsigerlik-okiga-aktbede-allahu-akbar-dep-ok-atylgany-ras-pa/

pixel