Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мемқызметкерлерге қысқа шұлық пен лас аяқ киім киюге тыйым салынды

Опубликовано:

Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасы Анар Жайылғанова елімізде мемлекеттік қызметкерлердің қалай киінуі керек екенін айтып берді. Оның сөзінше, шенеуніктер бұдан былай жұмысқа қысқа шұлық пен алабажақ киімді жұмысқа кие алмайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Анар Жайылғанова шенеуніктердің сыртқы киімі туралы ойды ол Қостанай облысы әкімшілік сотының әкімшілерінің бірінің сауалынан кейін қозғаған.

Нақтырақ айтқанда ол Egov порталында жұмысқа ашық көгілдір түсті жейде киюге бола ма деген сауал жолдаған.

Өз жауабында Агенттік төрайымы ведомствоның мемлекеттік қызметкерлердің сыртқы киіміне қатысты талаптар жөнінде кеңестер әзірлеп қойғанын жеткізді. Олар тіпті Этикалық кодекске де енгізіліпті.

Жайылғанованың айтуынша, негізгі талап – ыңғайлылық әрі ұқыптылық болуы керек. Оның сөзінше, қазақстандық шенеуніктер үнемі классикалық киім үлгісінде және қарапайым киінуі шарт.

Ер адамдарға жұмысқа қысқа шұлық, үтектелмеген костюм, лас жейдемен келуге болмайды. Сонымен бірге галстуктері жөнді тағылып, сыртқы киімдегі түймелердің бәрі өз орнында болуы тиіс. Сондай-ақ шенеуніктер лас аяқ киіммен де жұмысқа келе алмайды.

Оның сөзінше костюм мен көйлектерге қажет ең ыңайлы түс ашық немесе қара түстер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825076-kazakstanda-memkyzmetkerlerge-kyska-slyk-pen-las-aak-kiim-kiuge-tyjym-salyndy/

pixel