Қар, көкайғақ пен күшті жел: Еліміздің бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

"Қазгидромет" мамандары республиканың бірқатар облысына дауыл жақындап келе жатқанын хабарлады. Бұл аймақтарда желдің күшеюі, көктайғақ пен аяз түсуіне байланысты ауа райының нашарлауы күтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ
Көрнекі сурет: NUR.KZ: Original

Осылайша, дүйсенбіде Түркістан облысында жауын-шашын болып, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал.

Күндіз бұл өңірде ауа температурасы 3-8 градус нөлден жоғары, кей уақытта 0 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Осыған ұқсас ауа райы 5 қарашада Жамбыл мен Алматы облыстарында да күтіледі. Жаңбыр соңы қарға ұласып, күшті жел мен көктайғақ болуы ықтимал. Бұл аймақтарда сынап бағанасы 0-5 градус аязды көрсетуі мүмкін.

Дүйсенбі күні Қостанай облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман мен көктайғақ болып, жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі ықтимал.

Сондай-ақ осы күні Ақмола облысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын және секундына 23 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, 4 қарашада Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетіп, тұман түседі.

Ал Таразда аптаның алғашқы күнінде жылдамдығы 25 метрге дейін жел соғып, тұман түсуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825411-kar-kkajgak-pen-ksti-zel-kazakstanny-birkatar-ajmagynda-dauyldyk-eskertu-zarialandy/