Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төркіндетіп келді": Үлкен қызымен табысқан Абай Бегей жұртты сүйсінтті (фото)

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Абай Бегей үлкен қызы Еркемен түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеді. Әнші екінші рет отбасын құрғанда аралары алшақтап кеткен әкесі мен тұңғыш перзенті бүгінде табысқанға ұқсайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің өзі ғана емес, қызы Ерке де әкесімен түскен фотосын парақшасында жариялаған.

Әнші жазбаны "Өмір болғасын әр түрлі жағдайлар болады екен. Тілеулес болған сіздерге Алла разы болсын! Отбастарыңыға амандық, татулық, мейрімділік тілеймін!" деген сөздермен толықтырса, қызы Ерке "Менің әкем, ең жақсы адам" деп жазып қалдырған.

Мұны көрген көпшілік жақындардың ренішті ысырып, татуласқанына риза болды.

"Әке-асқар тауың, ардақтай біл", "Қандай әдемі көрініс", "Әкенің айналайынынан асқан ештеңе жоқ", "Қуаныштымын", "Балаларыңның қызығын көр", "Қызыңмен ренжісіп, уайымдап жүр едің. Жақсы болған екен" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825454-trkindetip-keldi-lken-kyzymen-tabyskan-abaj-begej-zrtty-sjsintti-foto/

pixel