RU

Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабылды

Қар, көктайғақ және қатты бұрқасыннан "Самара-Шымкент" тас жолының екі учаскесі жабылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Қарабұтақ кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі 965-1240 шақырым учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында осы жолдың Аралдан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 1357-1240 шақырым учаскесі жабылды", – деп мәлімдеді ТЖК баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, "Қазгидромет" мамандары республиканың бірқатар облысына дауыл жақындап келе жатқанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825577-kazakstanny-eki-irinde-zoldar-zabyldy/