Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббатта тіл жоқ": Ақтөбелік ару өзге ұлтпен бас қосатын қазақ қыздары туралы айтты

Опубликовано:

Қазақ Ұлттық өнер академиясының 3 курс студенті Жансая Тұрмағанбет қазақ қыздарының не себепті өзге ұлт өкілдерімен бас қосатыны туралы пікірімен бөлісті. Жас бойжеткеннің ойынша, "махаббатта ұлт пен тіл жоқ" екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

- Жансая, өзіңіз білім алып жатқан жоғары оқу орны мен мамандығыңыз туралы айта кетсеңіз...

Мен қазіргі таңда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының "Өнертану" факультеті, "Театртану" бөлімінде білім алудамын. 3-ші курс студентімін. Бұған дейін Ақтөбе көпсалалы колледжінде "Драма театр артисі" мамандығын үздік бітірдім.

-Демек, болашақ әртіссіз, бұл мамандыққа қалай келдіңіз? Қыз балаларға жалпы актрисалық өнер, өнер жолы қиындау деп жатады... Ата-анаңыз осы мамандықты таңдауға қарсы болмады ма?

Болашақ әртіс емеспін, керісінше бұрынғы әртіспін. Болашақ театр сыншысымын. Дегенмен, "жалпы өнер жолы ауыр" деп жатады ғой.

Менің ойымша, адам өнерді емес, өнер адамды таңдайтын сияқты. Осы ретте ата-анамның балаларының шешімдерін қолдай білетін тұсына алғысым шексіз.

Анам - педагог, әкем - өнер адамы. Екеуі де өз кәсіптерін сүйеді. Менің де өзім сүйетін істен нан тапқанымды қалайтын болар.

- Өнердегі әртістер, әншілерге қатысты көптеген қаңқу сөз еріп жатады... Мәселен "танысы болмаса, көтеріле алмайды"... Ұлы сөзде ұят жоқ, тіпті "төсек" арқылы көтеріледі дейтіндер көп... Ондайға қалай қарайсыз?

Қаңқу сөз әр адамның артынан ереді. Адамзат тарихының барлық заманында. Тек публикада жүргендер туралы айтылған сөздерге көбірек мән беріледі.

Сіз айтып отырған жолмен де көтерілетіндер бар. Тіпті көп. Бүгінгі қоғам оны қалыпты жағдай деп қабылдайтын да болар. Мен құптамаймын.

Ол менталитетке жат болғаны үшін емес. Еуропалық болсам да сол ойдан айнымас едім. Бірақ, әркімнің өз өмірі мен шындығы бар ғой...

- Бүгінгі жастар әлеуметтік желіде белсенді... Бірі блогерлікке бет бұрған, бірі вайнерлікке дегендей... Өзіңіз жиі қолданасыз ба әлеуметтік желіні? Болашақта блогер боламын деген мақсатыңыз жоқ па?

Менің саламда әлеуметтік желіден аудитория жинап, театрға қатысты кәсіби пікір, ойларыңды жариялау аса маңызды.

Көп жағдайда журналистер театртанушылардың нанын жеп жүр. Сауатсыз мақала, пікірлерін жазып жүргендер бар. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, әрине, әлеуметтік желіні белсенді пайдалануға тырысамын.

Замандастарым болашақ сыншы ретінде пікірімді сұрап тұрады, пост жазғанымды күтетіндер де бар.

Ал, блогерлікке келер болсақ, шала піскен ойымды жариялай бергім келмейді.

Бәлкім алдағы уақыттарда оны да көретін болармын. Алайда, нақты блогер боламын деген мақсатым жоқ.

- Аралас некеге деген көзқарасыңыз қандай?

Бұл тақырыпқа келгенде, толерантты көзқарастамын. Адамдарды ұлт, дін, нәсілге бөлуді жөн көрмеймін.

Ал махаббатта ұлт та, тіл де жоқ деп ойлаймын.

Жалпы, қазақ қанның тазалығына қатаң қарайды ғой. Өз ұлтыма тән осы қасиетке мен аса құрметпен қараймын.

Бірақ, ата-бабаларымыздың ішінде де басқа ұлттың қыздарын алғандар болмады емес, болды ғой. Қазақ зиялыларының бірқатары тексіздігінен орыс әйел алмаған шығар...

- Болашақ жарыңызды кездестіріп, отбасы немесе мансап қуу деген мәселе туындаса, қайсысын таңдар едіңіз?

Бұл менің күнде мың ойланатын сұрағым шығар. Менің ойымша, отбасылық өмірде бір-бірінің қалауларын сыйлау аса маңызды фактор.

Әрине, басым позицияны ер адам ұстауы заңды. Бірақ, әйелінің қалау-таңдауларына шек келтіретін адаммен шаңырақ көтеру де бекер шығар.

Әрине, әйел-ана бақытын сезіну - барлық арудың арманы. Бірақ, ол оның қоғам мен тіршіліктегі жалғыз миссиясы емес, меніңше.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825603-mahabbatta-til-zok-aktbelik-aru-zge-ltpen-bas-kosatyn-kazak-kyzdary-turaly-ajtty/

pixel