Қазақстан мектептерінде қысқы және көктемгі демалыс қашан басталады
Опубликовано:
Дүйсенбі 4 қарашы күні елімізде оқу жылының екінші тоқсаны басталды. Осы орайда Sputnik Қазақстан оқушылардың кезектң қысқы және көктемгі демалыстары қашан басталатынын хабардар етті.

Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп демалысының кестесін бекіткен болатын.
Басылымның мәліметінше, соған сәйкес, 2-11-сынып оқушылары 34 апта оқып, 30 күн демалады. 1-сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі. Сондықтан олардың оқуы 33 апта болады.
2 және 11-сынып оқушыларының қысқы демалысы 30 желтоқсан мен 8 қаңтарға жоспарланған.
Қосымша демалыс қосылғандықтан, 1-сынып оқушылары өзгелермен бірге 30 желтоқсан мен 8 қаңтар қаңтар аралығында демалады. Бұдан соң 3-9 ақпан аралығында тағы да демалыс алады.
Ал оқушылардың көктемгі демалысы 21 наурыз - 2 сәуір аралығына бекітіліп отыр. Төртінші тоқсан 3 сәуірде басталады.
Ең ұзақ, яғни жазғы демалыс соңғы қоңыраудан кейін 26 мамырда басталамақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825648-kazakstan-mektepterinde-kysky-zne-kktemgi-demalys-kasan-bastalady/