Түркістандағы Неке сарайына барған Назарбаев жас жұбайлармен әңгімелесті (фото)
Опубликовано:
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына жасаған сапары барысында жаңадан ашылған Неке сарайына барды деп хабарлайды Elbаsy.kz.

Елбасы жаңа Неке сарайының жұмысымен танысып, шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлармен әңгімелесті.
Нұрсұлтан Назарбаев жас отау иелерін құттықтап, бақыт пен береке тіледі.
Одан соң Елбасы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылған процесімен танысты.

Сондай-ақ, Назарбаевқа «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсету үшін ыңғайлы және сапалы жағдай жасау бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат берілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825767-trkistandagy-neke-sarajyna-bargan-nazarbaev-zas-zbajlarmen-gimelesti-foto/