Тараздық кәсіпкер медицина нарығында кездесетін қиындықтар туралы айтты

Опубликовано:

Қайрат Қаймолдаев медицинаға қажетті өнімдер шығаратын екі зауытты басқарып отыр. Бүгінде жүзден аса адамды жұмыспен қамтып, отандық өндірісті дамытуды қолға алған кәсіпкер жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуді де өзінің борышы санайды. KAZ.NUR.KZ сайтына сұхбат берген Қаймолдаев көпшілік біле бермейтін отандық өнімдер туралы баяндап, өз қызметінде кездесетін кедергілер туралы да ашып айтты.

Тараздық кәсіпкер медицина нарығында кездесетін қиындықтар туралы айтты

Қайрат Қаймолдаевтың отандық медицина нарығында жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Ол басқаратын екі зауытта медицинада қолданылатын қажетті заттар дайындалады.

«Дәрігерлер пайдаланатын құрал-саймандар, бинттер мен шприцтерді өзіміздің Қазақстанда жасап жатырмыз. Екі зауытта 120 адам жұмыс істейді.

Тағы үшінші зауытымыз ашылатын болса, қосымша жүздеген адамды жұмыспен қамтитынымыз анық. Үшінші зауытта қан құюға арналған системаларды, инсулинге және туберкулезге арналған шприцтерді дайындауды жоспарлап отырмыз.

Мұндай өнімдердің өзімізде дайындалғаны мемлекетке үлкен көмек. Алайда, біздің жұмыста кедергілер де көп», - дейді «Super Pharm» ЖШС директоры.

Кәсіпкердің айтуынша, 2015 жылдан бері теңге құны төменге құлдыраса да, отандық өнімдерге қойылатын баға өспеген. Ал зауыт еуропалық талаптарға сай жұмыс істейді.

«Өздеріңіз білесіздер, доллар бағамы шарықтап жатыр. Осыған қарамастан, біздің өнімдердің бағасы төмен түспесе, көтерілген жоқ. Оның үстіне, мемлекеттік сатып алуды реттейтін еліміздегі бірыңғай дистрибьютер «СК Фармация» медициналық өнімдерді бізден сатып алуды тоқтатып, нарыққа Ресеймен Өзбекстан зауытын қосқан. Бұл отандық өнімді тұншықтыру емес пе? Осы орайда, біз құзыретті органдарға хабарластық. Мемлекет басшысына да хат жолдадық», - дейді Қайрат Қаймолдаев.

Бұл мәселеге қатысты медицина нарығында жүрген кәсіпкерлер де үнсіз қалған жоқ. Мәселен, «Juldyz Kenan Co., LTD» директоры Бағлан Баққұлованың айтуынша, олардың жұмыс істеу талаптарын Еуропада да мойындаған.

«Мен өз өнімдерімнің сапасына үлкен жауапкершілікпен қараймын. Тіпті, Еуропа нарығына да шақыртулар көп болды.

Қызметкерлерімді үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өткізу үшін Ресей, Украина және Еуропа елдеріндегі әріптесеріме жіберіп отырамын. Біздің өнімдердің бағасы 2012 жылда калыптастырған бағаларымен күні бүгінге дейін сол бағамен қелісім шартта отыр.

2018 жылда оған қоймай осыған қарамасты бағамызды 5 пайызға төмендетуге Денсаулык сақтау министірлігі бұйрық шығарып өнімдеріміздің бағасы басынан салыстырғанда 12 пайызға төмен бағамен сатылып жатыр.

Сондықтан, біздің жұмыс істеуімізге жәнеде ары қарай дамыумызға мүмкіндік берсе екен дейміз. Әйтпесе, компания жабылып, елуге жуық адамның жұмыссыз қалу қаупі бар», - дейді халықаралық сертификаттаудан алғашқылардың бірі болып өткен Бағлан Баққұлова.

Еліміздегі медициналық жабдықтарды өндірушілер қауымдастығының жетекшісі Гүлмира Мұхамеджанованың айтуынша, халықаралық мемлекеттік ұйымдағы ұйымдастырылған әлемдік халықаралық сертификаттардың номері олардың лигитициясы және пайдалану уақыты мүмкіндігін ұйымның базасында онлайн түрінде көруге болады.

Тараздық кәсіпкер медицина нарығында кездесетін қиындықтар туралы айтты

Медицина өнімдерін дайындайтын отандық компания өкілдерінің жанайқайын ешкім елеусіз қалдырған жоқ. Бүгінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Денсаулық сақтау министрлігі мәселені шешуге кіріскен.

Ал Қайрат Қаймолдаев үшінші зауыт жанынан жетім балаларға арналған жатақхана салмақшы.

«Балалар үйінде тәрбиеленіп шыққандардың басым көпшілігі өмірден өз орнын таппай, жамандыққа ұрынып, түбінде түрмеден бір шығып жатады.

Бұл жағдай менің де жаныма батады. Себебі, өзім де әкесіз өстім. Сондықтан, оларға мейілінше көмектестім келеді. Жатақханада тұрып, жұмыс істеп, ипотекамен үй алып, өмірден өз орындарын тапсын.

Сондай-ақ, көзі көрмейтін жандарға да жиі қарайласып тұрамыз. Оларды зауытққа жұмысқа алып та көргенбіз. Бірақ құрылғылармен жұмыс істеу оларға қиын», - дейді кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825777-tarazdyk-ksipker-medicina-narygynda-kezdesetin-kiyndyktar-turaly-ajtty/