Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарсыласын жерге атып ұрған қырғыз балуаны көпті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Будапештте күрестен жастар арасындағы чемпионаттың ұйымдастырушылары үшінші жарыс күнін қорытындылап, Эрназар Акматалиевтің тәсілін үздік деп таныды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Фото: sport.akipress.org
Фото: sport.akipress.org: Facebook

30 қазан күні өнер көрсеткен Акматалиевтің видеосын ұйымдастырушылар әлеуметтік желіде енді жариялаған.

Эрназар 65 келіге дейін салмақ дәрежесінде күресіп, жартылай финалға дейін жеткен. Ал ұйымдастырушылардың назарын оның 1/8 финалда америкалық Селсор Эйрманға қарсы өткізген кездесуі аударған.

Онда қырғызстандық жігіт тартыс соңында қарсыласын жерге айналдырып түсіріп, жеңіске жеткен.

Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен Әлем чемпионаты Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатыр. Бұл додаға Қырғызстаннан тоғыз спортшы барған. Олардың бірі алтын, бірі күміс, бірі қола медальға ие болып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1826037-karsylasyn-zerge-atyp-rgan-kyrgyz-baluany-kpti-tnti-etti-video/

pixel