Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp өзгеріс енгізді: Топқа қосылу туралы шешімді енді өзіңіз қабылдайсыз

Опубликовано:

WhatsApp топтар үшін құпиялық параметрін өзгертіп, адам шақыру жүйесін жаңалады деп хабарлайды Газета.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Өзгерістер туралы ақпарат компанияның блогында жарияланды.

Енді жаңа адамды оның келісімінсіз чатқа қосуға болмайды. Қолданушылар белгілі бір топқа кіру туралы шешімді өздері қабылдайды.

Аталған қызметті іске қосу үшін WhatsApp параметрін ашып, "Аккаунт/Учетная запись" бөлімінің ішіндегі "Приватность/Конфиденциальность" бөлімшесіне өтіп, "Группы" тетігін басу қажет. Сол жерден өзіңізге ыңғайлы топқа қосу тәртібін таңдауға болады: сізді барлық қолданушылар немесе тек телефоныңызда сақталған нөмірлер ғана чатқа қоса алады.

Топқа шақырту келген кезде, қолданушы үш күн ішінде оны қабылдауға немесе бас тартуға шешім қабылдай алады. Бұл мерзім өткен соң шақырту күшін жояды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826153-whatsapp-zgeris-engizdi-topka-kosylu-turaly-sesimdi-endi-ziiz-kabyldajsyz/

pixel