RU

Көктайғақ: Ақмола облысында жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді

8 қарашада таңғы уақыт 08:50 шамасында ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысы аумағындағы республикалық маңызы бар бірқатар автожолдар жабылып, көлік қозғалысы уақытша шектелді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көктайғақ: Ақмола облысында жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді
Көрнекі фото: inbusiness.kz: UGC
Нақтырақ атап өтер болсақ, көктайғақ салдарынан «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» (Қостанай облысы шекарасындағы – Сұрған кенті) автожолының 232-260 шақырымы, «Жезқазған – Петропавл» (Сұрған - Бұзылық) автожолының 552-536 шақырымы, «Жақсы - Есіл – Бұзылық» автожолының 0-82 шақырымы уақытша жабық.

Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, көктайғаққа байланысты «Астана-Щучинск» автожолында қоғамдық көліктер мен жүк көліктерінің жүруіне уақытша тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826259-kktajgak-akmola-oblysynda-zoldar-zabylyp-klik-kozgalysy-sekteldi/