Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

Опубликовано:

Павлодар қаласында жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін пикап қағып кетті деп хабарлайды Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Павлодар қаласында 9 қарашада сағат 14:30-да Назарбаев пен Лермонтов көшелерінің қиылысында "Toyota Hilux" (пикап) көлігінің жүргізушісі жол қозғалысын реттеп тұрған Қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметінің инспекторы, кіші лейтенант Құрманғали Бисембаевты қағып кетті", - делінген хабарламада.

Полицей кеудесінен жарақат алып ауруханаға жатқызылды. Оны дәрігерлер қарап шықты, қазір емделіп жатыр.

1989 жылғы пикап жүргізушісі оқиға орнында ұсталды, маманның мәлімдеуінше ол ішімдік ішпеген. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Оқиғаға қатысты ҚР ӘҚБК 310 бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826462-pavlodarda-zol-kozgalysyn-rettep-trgan-policejdi-klik-kagyp-ketti/

pixel