Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) Фреснода (АҚШ, Калифорния) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, канадалық боксшыны нокаутпен жеңді деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: sports.kz
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: sports.kz: Twitter

Он рауднқа жоспарланған титулды жекпе-жекте Әлімханұлының қарсыласы канадалық Альберт Онолунсе (24-2-1, 8 КО) болды. Бұл кездесу алтыншы раунда Жәнібектің жеңісімен аяқталды. Канадалық нокдаунға түсіп, жеңіс техникалық нокаутпен Жәнібекке берілген.

Осылайша Жәнібек кәсіби рингте сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, оның төртеуін нокаутпен аяқтады. Сондай-ақ орта салмақтағы өзінің WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды. Канадалық Онолоунсе мансабындағы үшінші жеңіліске тап болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826468-znibek-limhanly-kanadalyk-karsylasyn-nokautka-tsirdi/

pixel