Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі ер адамды көлік қақты: Полиция қашып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр

Опубликовано:

Алматыдағы Райымбек даңғылында екі ер адамды көлік қағып кетті. Адам басқан жүргізуші апат орнынан кетіп қалған. Алматылық полицейлер қашқынға іздеу салды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Depositphotos

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қайғылы жағдай 9 қарашадан 10 қарашаға қараған түні Саудакент базарына жақын маңда болған. Жол апаты куәгерлерінің айтуынша, Райымбек даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатқан Toyota автокөлігі екі ер адамды қағып кеткен.

Қаза болғандардың рұқсат етілмеген жерден өткені белгілі болды. Куәгерлердің сөзінше, жапондық көліктің жүргізушісі адамдарды көрген сәтте не істерін білмей қалған.

Басылымның хабарлауынша, жол апатынан 43-44 жастағы екі ер адам қайтыс болған. Олар дәрігерлер келгенше жан тәсілім еткен.

Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қайғылы жағдай болған жерден автокөлік қалдықтары табылған. Олар жүргіншілер жолына шашылып кеткен.

Мамандар оқиғаның жай-жапсарын анықтау үстінде. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан қашып кеткен жапондық көліктің иесін іздеп жатыр.

Специалисты заняты выяснением всех обстоятельств дела. Стражи порядка разыскивают сбежавшего с места ДТП водителя японской машины.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826495-almatyda-eki-er-adamdy-klik-kakty-policia-kasyp-ketken-zrgizusini-izdep-zatyr/

pixel