Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәріздік тазарту имараттарының жаңғыруы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуда

Опубликовано:

Бүгінгі таңда Қазақстанда кәріздік тазарту имараттары (КТИ) жаңғыртудың басым бағыттарының бірі – бюджеттен тыс қаражатты тарту есебінен кәріздік тазарту имараттарын салу және қайта жаңарту.

Кәріздік тазарту имараттарын жаңғырту – бұл экология мен адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту
Фото: pixabay.com: Facebook

2015-2018 жылдар аралығында «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру барысында 697 млрд теңге сомасына кәріздік тазарту имараттар инфрақұрылымын жаңғыртудың 900 жобасы қаралды, оның ішінде 221,1 млрд теңге сомасына 364 жоба қаржыландырылды. Осының барлығы еліміздің ТКШ инженерлік инфрақұрылымын айтарлықтай жаңартуға мүмкіндік берді, бірақ бірқатар жүйелер бойынша тозу жоғары болып қалып отыр. Мәселен, қолданыстағы кәріздік тазарту имараттарының (КТИ) 60%-дан астамы тозған, кейбір қалалық елді мекендерде олар мүлдем жоқ.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ бюджеттік кредиттеу тетігі бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) және Субсидиялау бойынша қаржы институттарымен өзара іс-қимыл бойынша оператор болып табылады.

Үкімет биылғы жылы ҚР-дағы кәріздік тазарту имараттарының нысандарын жаңғырту бойынша ұсынысты мақұлдады, өйткені бірқатар қалаларда кәріздік тазарту имараттары мүлдем жоқ, немесе қанағаттанғысыз жағдайда. Кәріздік тазарту имараттарын салу және қайта жаңартуды жүргізуден басқа, ағынды суларды тазартуды нормалау жүйесін және жобалық қуаттарды оңтайландыру, сумен жабдықтау бойынша кәсіпорындармен ұқсас су бұру нысандары үшін салық салу мөлшерлемесін төмендету ұсынылды.

Бұл шаралар кәріздік тазарту имараттары нысандарына жұмсалатын күрделі шығындарды азайтуға және олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Мемлекеттік кепілдік болған жағдайда бірыңғай қарыз алушы арқылы халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту жоспарланып отыр. Халықаралық қаржы ұйымдарының қорландыру құнына байланыстыра отырып, төрт жылдық жеңілдікті кезеңмен және құбылмалы пайыздық мөлшерлемемен 18 жылға дейінгі мерзімге несие ресурстарын бөлуге дайын. Кредитті өтеу республикалық бюджеттен үнемдеу мен төлемдер туындаған өзге де қызмет түрлерінен түсетін кірістер, КТИ-дің болашақ ақша ағындары есебінен жүзеге асырылатын болады.

Үш жыл ішінде елімізде 53 КТИ нысаны салынып, қайта жаңартылады деп жоспарлануда. Бағдарламаның дайындық кезеңін 2019 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. КТИ құрылысын 2020 жылдың екінші жартыжылдығында бастаймыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826809-krizdik-tazartu-imarattaryny-zagyruy-adamdardy-mir-sru-sapasyn-zaksartuda/

pixel