Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билік транзиті қалай өзгереді: Назарбаев жауап берді

Опубликовано:

Astana Club халықаралық алаңында Нұрсұлтан Назарбаев кезекті рет Қазақстандағы билік транзиті туралы айтты. Ол елде президент ауысқан соң серіктестер не күту керек деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz: UGC

Бреттон-Вудск комитетінің басшысы Марк Узан Назарбаевтан енді Қазақстанның позициясы қалай өзгеретіні және сыртқы саяси басымдықтарының ауысу мүмкіндіктері туралы сұрады.

Ал Елбасы билік транзиті туралы сұрақ көп қойылатынын түртіп өтіп, көп жылдық еңбектен кейін президент қызметінен кетуін ерекше жағдай деп санамайтынын айтты.

"Бұл әлдекімнің қызметін тастаған жалғыз жағдай емес. Кезінде Де Голь де, Ли Куан Ю мырза да, Махатхир мырза да кетті. Мен Қазақстанды кеңес заманынан бері басқардым",- деді ол.

Ол тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасы көтеріліп, әлем картасында орны нығайғанын, "құрметті мемлекет" мәртебесіне ие болып, елорданың салынғанын тілге тиек етті.

Назарбаев Astana Club алаңына келген шетелдіктерге Нұр-Сұлтан қаласында тек дала болғанын, ал жиын өтіп жатқан Назарбаев орталығының орнында картоп егістігі жатқанын баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826825-bilik-tranziti-kalaj-zgeredi-nazarbaev-zauap-berdi/

pixel