Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамдар келіншектерінен не күтеді

Опубликовано:

Ер адам мен әйел адам бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Ол табиғаттың заңдылығы. Екеуі бірін-бірі толықтырып тұрады. Алайда көпшілік әйелдер күйеуілерін түсінбей, ұрыс-керіс шығарып жатады. Тіпті, кейбірі жолдасының өзінен не күтетінін білмеулері де мүмкін. KAZ.NUR.KZ порталы Express-Novosti сайтына сілтеме жасап ер адамның жарынан шын мәнісінде не күтетінін айтпақ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Мадақтау

Әйелдер көбінесе жолдастарына мақтау айтуды ұмытып жатады. Еріңіз жұмыстан келгенде "аман-сау келгеніңе шүкір" деп қойсаңыз жігіттер үшін одан асқан мақтау жоқ

Адалдық және сенім

Ерлер қауымы үшін үй, отбасы дегеніңіз тыныштықтың, берекенің ордасы. Жолдасыңызға үнемі сенім артып, оны қолдап отырсаңыз, серігіңіздің қуаты тасып, отбасы үшін тау қопарары анық

Сыйластық

Ер адамды оның еркек болып жаралғаны үшін, физикалық тұрғыда сізден мықты болғаны үшін, сіздің күйеуіңіз болғаны үшін сыйлау керек. Әр жасаған ісін сыйлап, қолдау танытыңыз

Интимді қатынас

Көпшілігіміз мойындамағанымызбен, жыныстық қатынас - отбасы бақытының негізгі кілті. "Түнгі ойынсыз" күндізгі өміріңіз тәтті болуы мүмкін емес. Ал еркектің қуаты, күші, энергиясы - осыған байланысты болып жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826915-er-adamdar-kelinsekterinen-ne-ktedi/

pixel