Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде колледждегі атыстан екі адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Ресейдің Благовещенск қаласындағы Амур Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық колледжінде атыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Риа Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: © РИА Новости / Алексей Сухоруков
Көрнекі фото: © РИА Новости / Алексей Сухоруков: Twitter

Алғашында атыстан бір адам құрбан болғаны хабарланған еді. Артынша ІІМБ нақтыланған ақпарат ұсынып, екі адамның, оның ішінде шабуылшының қаза тапқанын, тағы үш адам жарақат алғанын мәлімдеді.

Зардап шеккендер қатарында екі жеткіншек пен бір ер азамат бар.

Полиция ақпаратына сәйкес, атысқа құрдастар арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін.

Ал Mash Telegram-арнасының мәліметінше, атысты колледжің 4- курс студенті 18 жастағы Даниил Засорин ұйымдастырған. Оның бұл әрекетіне оқытушының кешіккені үшін аудиториядан қуып жібергені себеп болыпты.

Mash дереегіне сәйкес, курстастары аудиториядан кеткен студенттің бес зарядты қарумен келіп, барлығын ата бастағанын айтыпты. Куәгерлердің сөзінше, ол құрбандардың арқасына оқ бағыттаған.

Ал құқық қорғау органдарына сілтеме жасаған Life.ru хабарлауынша, Засорин оқиғадан соң өз-өзіне қол жұмсаған. Журналистермен тілдескен шабуылшының курстастары Даниилды салмақты әрі тыныш бала деп сипаттап беріпті.

Әлеуметтік желіде куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеолармен бөлісуде. Кадрлардан полиция көлігінің колледж ғимараты маңында тұрғанын, жарақат алған жігіттің еденде жатқанын көруге болады.

Благовещенск Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінде колледж аумағы қоршалғанын хабарлады.

Благовещенск мэриясы білім беру мекемелерінің аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі шұғыл комиссияны жинап жатыр. Атыс орнына қала басшылары шықты.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болып, 10- сынып оқушысы көз жұмды. Үкілеп үміт артқан балаларынан айырылған отбасы кінәлілердің жазалануын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1827162-resejde-kolledzdegi-atystan-eki-adam-kaza-tapty-video/

pixel