Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да екі браконьер қорықшыға мылтықтан оқ атып, қашып кетпек болған

Опубликовано:

Оралда екі ер адам өздерінің автокөлігін тексермек болған қорықшыны соққыға жықты. Күдіктілер мылтықтан бірнеше рет оқ атқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

54 жастағы "Фрунзенское" шаруашылығының қорықшысы Геннадий Головатенконың сөзінше, ол өзіне күдікті болып көрінген көліктің жанына келген.

Ер азамат қала маңындағы Круглоозерное ауылының маңында, алаңда қарусыз тұрыпты.

"Көліктің жанында екі ер адам тұрды. Олар темір тұлпарды тінтуге рұқсат беруден бас тартты. Күдіктілер көліктің жарығын жануарлардың көзіне жағып, оларды аулапты. Екі ер адам здерін дөрекі ұстады, оған қоса мас күйінде болған.
Басында маған жұдырық ала жөнелді. Бірнеше соққы салды. Мен көліктің артына жасырындым. Сол кезде шабуылдаушылар маған мылтықтан оқ ата бастады. Полиция шақырттым, қызметкерлер өте тез келді" , - деп атап өтті Геннадий Головатенко.

Полиция қорықшыға шабуыл жасалғаны туралы хабардың 14 қараша күні түнде келіп түскенін хабарлады. Оперативті қызмет "Тосқауыл жасау" операциясын жариялап, оқиға орнында күдіктілерді ұстады.

Олар көлікпен жасырынып кетуге тырысқан. Анықталғандай, күдіктілердің жасы 32-де. Екеуі де бұған дейін ұрлық пен бұзақылық әрекеттер үшін сотты болған.

Қазір "кісі өлтіру әрекеті" бабы бойынша іс қозғалды.

Біраз уақыттан кейін орман алқабынан "Нива" көлігі табылды.

Оның ішінде Орал қаласының екі тұрғыны болған. Азматтардан оқтар, аңшылыққа арналған пышақ, жарықіздеуіш, бұғы еті тәркіленді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында аңшы браконьерлердің қолынан қаза тапты. Шабуылшылар екі қорықшыны атып тастады, бірақ олардың біреуі аман қалды. Осы оқиғадан кейін күдікті қылмыскерлер іздеуде жүрді. Алайда олар кейіннен Қарағандыда ұсталды.

Осыған ұқсас жағдай Ақмола облысында орын алды. Ол жерде қорықшыны заң бұзушылар атып кетті. Сот алдына бір күдікті келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827259-bko-da-eki-brakoner-koryksyga-myltyktan-ok-atyp-kasyp-ketpek-bolgan/