Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапарының видеосы жарияланды

Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінің видео үзінділері пайда болды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, Көкшетауға жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев өңір активімен кездесті. Өз сөзінде мемлекет басшысы қазіргі уақытта баға белгілеуде қажетті бақылаудың жоқтығын айтты. Ол осыған байланысты бейінді ведомстволар мен жергілікті атқарушы органдарды сынға алды.

Оның айтуынша, бұл өңірде ұн бағасының өсімі ең жоғарғы көрсеткішке жеткен – 47 пайызға жуық.

"Осылайша, халықтың нақты табысын арттыру бойынша қабылдап жатқан шараларымыздың барлығы жоққа шығарылуда. Бұл баға белгілеуде қажетті бақылаудың жоқтығын көрсетеді", – деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Айтуынша, бұндай жағдайда министрлік нарықтағы бағамның құбылмалылығына, маусымдық сипат пен өзге де себептерге сүйеніп, жай ғана фактіні көрсетумен шектеледі.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Ақмола облысының туристік әлеуеті толығымен іске аспай жатқанын атап өтті.

"Біз Ақмола облысының елеулі табиғи-рекреациялық ресурстар мен мәдени мұра нысандарына бай екенін үнемі айтып келеміз. Бірақ өңірдің туристік әлеуеті толығымен іске аспаған. Бүгінгі таңда жалпы аймақтық өнімдегі туристік саланың үлесі 0,5 пайзыдан да аспайды", – деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827298-tokaevty-akmola-oblysyna-zmys-saparyny-videosy-zarialandy/

pixel