Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кезектесіп жүкті болдық": Отбасылы жігітпен жүрген келіншек сырын ақтарды

Опубликовано:

Есімі жасырын болып қалған келіншек бес жыл бұрын ажырасып кеткенін алға тартты. 7 жасар қызын өзі асырап отырған ару білместен отбасылы азаматқа ғашық болып, одан жүкті болып қалыпты. Оның сөзінше, ол ғашығының жұбайымен бірдей уақыттан бала көтеріп жүрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы келіншек Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасына жазды.

"Жасым 31-де, 5 жыл бұрын ажырасып кеттім. Қолымда 7 жасар қызым бар. Бір жыл бұрын бір азаматпен көңіл қостым. Кездесіп жүргенімізге үш ай болғанда жүкті екенімді білдім.

Ата-анаммен таныстырдым. Жүргенімізге жарты жыл болғанда әйелі барын білдім. Ол бізге келіп жанжал шығарды, содан кейін түсік тастадым. Бұл мен үшін ауыр соққы болды.

Менің көзімше әйеліне ажырасатынын айтты. Ол біраз уақытқа бізге жоламады", -дейді келіншек.

Оның айтуынша, сүйіктісінің туған ұлын жақсы көріп, онымен тез тіл табысып алыпты. Алайда көп ұзамай оның заңды жұбайының жүкті екенін біліп қойған.

"Мен сүйіктімнің ұлы барын білдім, онымен артынша жақсы араласып кеттім. Бір кезде жігітімнің жұмысында қиындықтар туындап, ол күйзеліске түсті.
Қолдауға тырыстым. Ал кейін оның достары арқылы әйелінің жүкті екенін білдім. Олар тіпті, сәбидің жынысын біледі екен", - дейді келіншек өз сөзінде.

Бір қызығы, хат жолдаған кейіпкердің өзі түсіктен кейін қайта бала көтеріпті. Алайда оның және сәбидің өміріне қауіп төндіретін жайттардың жиілеуі оған маза бермейді екен.

"Ал менің үшінші ай аяғым ауыр. Осылайша кезектесіп жүкті болдық. Ал жақында жол апатына түсіп, омыртқамды зақымдап алдым. Дәрігерлер түсік тастау мүмкіндігі бар дейді. Баламды сақтап қалғым келеді. Жақындарым менің дуаланғанымды айтуда. Өз басым ондайға сенбеймін", - деп ашынды әйел адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827383-kezektesip-zkti-boldyk-otbasyly-zigitpen-zrgen-aru-bar-syryn-aktardy/

pixel