Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлы Абайдың үш жұбайы жайлы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың Ділдә, Әйгерім және Еркежан атты үш жары болған. Көп әйел алуға рұқсат етілген заманда ақынның үш жұбайы әр түрлі ауылда тұрған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ұлы Абайдың үш әйеліне қандай сыйлықтар бергенін білесіз бе
Бұл – бүгінгі күнге дейін жеткен ақынның екі суретінің бірі және үшінші жары Еркежан түскен (ортасында) жалғыз фото. Ал Ділдә мен Әйгерімнің суреттері сақталмапты. Фото: © Sputnik: Facebook

Басылымның мәліметінше, Абай бірінші жұбайы Ділдәға 15 жасында үйленген. Неке жастардың әкелерінің келісімімен қиылыпты. Ділдә да Абай сияқты текті отбасынан шыққан. Ол Қазыбек бидің ұрпағы, арғын руының биі Алшынбайдың туған немересі.

1885 жылы Абай заттарын өлкетану музейіне тапсырыпты. Олардың арасында ақынның екінші жары Әйгерімнің таза тері, ағаш пен күмістен жасалған ер-тоқымы болған екен. © Sputnik / Жания Уранкаева
1885 жылы Абай заттарын өлкетану музейіне тапсырыпты. Олардың арасында ақынның екінші жары Әйгерімнің таза тері, ағаш пен күмістен жасалған ер-тоқымы болған екен. © Sputnik / Жания Уранкаева: Facebook

Ақынның екінші жары – Әйгерім. Оның шын есімі – Шүкіман. Ал оған Әйгерім деген есімді Абайдың өзі қойған. Шүкіманның сұлу болғаны соншалық, ақын оны "ай керім" деп атап кеткен екен.

Ал бұл қобдишаны Әйгерім таныстарының біріне сыйға тартыпты. Көп жыл өткен соң Семей тұрғыны Айдар Доланбеков оны музейге сыйлаған. © Sputnik / Жания Уранкаева
Ал бұл қобдишаны Әйгерім таныстарының біріне сыйға тартыпты. Көп жыл өткен соң Семей тұрғыны Айдар Доланбеков оны музейге сыйлаған. © Sputnik / Жания Уранкаева: Facebook

Ұлы Абай Әйгерімге 30 жасында үйленіпті, олардың жас айырмашылығы 11 жасты құраған. Әйгерім ақынның ең сүйікті жары болған екен. Ал Абай өз сүйіктісін кездестірген жердегі бұлаққа қыздың есімі берілген.

Әйгерім де текті отбасынан шыққан қыз, ол ұлт батыры, қазақтарды жоңғарлардан қорғаған Мамай батырдың тікелей ұрпағы.

XIX ғасырдағы қыз-келіншектер қазіргі заманғылар сияқты әшекей бұйымдарды ұнатқан. Суретте - Құнанбаевтың әйелдерінің замандастары таққан сырғалар, жүзіктер мен білезіктер. Фото: © Sputnik
XIX ғасырдағы қыз-келіншектер қазіргі заманғылар сияқты әшекей бұйымдарды ұнатқан. Суретте - Құнанбаевтың әйелдерінің замандастары таққан сырғалар, жүзіктер мен білезіктер. Фото: © Sputnik: Facebook

Ұлы ақынның үшінші жары – Еркежан. Ол бастапқыда Абайдың інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайдың үшінші жары болып, ақын өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған.

Абай заманындағы сән. © Sputnik / Жания Уранкаева
Абай заманындағы сән. © Sputnik / Жания Уранкаева: Facebook

Абай мен Еркежан екеуінің ортақ балалары болмаған. Ал екі жұбайы 10 баланы өмірге әкеліп, олардан 19 немере мен 13 шөбере тараған. Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралыпты.

Ақынның сүйікті әйелі Әйгерімге сыйлаған тағы бір ер-тоқымы. XIX ғасырдағы шебер туындыларының сұлулығын Жидебайдағы Құнанбаевтың музей-үйінде көруге болады. © Sputnik / Жания Уранкаева
Ақынның сүйікті әйелі Әйгерімге сыйлаған тағы бір ер-тоқымы. XIX ғасырдағы шебер туындыларының сұлулығын Жидебайдағы Құнанбаевтың музей-үйінде көруге болады. © Sputnik / Жания Уранкаева: Facebook

Жидебайдағы үйдің иесі, Абайдың үшінші жары Еркежанның бөлмесі осындай болыпты. Ол бастапқыда ақынның інісі Оспанның әйелі болған. © Sputnik / Жания Уранкаева
Жидебайдағы үйдің иесі, Абайдың үшінші жары Еркежанның бөлмесі осындай болыпты. Ол бастапқыда ақынның інісі Оспанның әйелі болған. © Sputnik / Жания Уранкаева: Facebook

XIX ғасырдағы төсек дұрыс ұйықтау талаптарына жауап берген. Яғни, бас пен аяқ бір деңгейге көтерілген, бұл қан айналымына жақсы ықпал етеді екен. © Sputnik / Жания Уранкаева
XIX ғасырдағы төсек дұрыс ұйықтау талаптарына жауап берген. Яғни, бас пен аяқ бір деңгейге көтерілген, бұл қан айналымына жақсы ықпал етеді екен. © Sputnik / Жания Уранкаева: Facebook

Абайдың үш жары да мол жасаумен келіпті. Ол уақытта ағаш сандықтар сүйекпен ғана емес, бағалы тастармен әшекейленген. © Sputnik / Жания Уранкаева
Абайдың үш жары да мол жасаумен келіпті. Ол уақытта ағаш сандықтар сүйекпен ғана емес, бағалы тастармен әшекейленген. © Sputnik / Жания Уранкаева: Facebook

Қобдиша мен ағаштан жасалған үтік-рубель. Еркежанның заттары. © Sputnik / Жания Уранкаева
Қобдиша мен ағаштан жасалған үтік-рубель. Еркежанның заттары. © Sputnik / Жания Уранкаева: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827445-ly-abajdy-s-jeli-zajly-ne-bilemiz-foto/

pixel