Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтар Хабиб Нұрмағомедовке ер-тоқым сыйлады (фото)

Опубликовано:

Хабиб Нұрмағомедов
Фото: Depositphotos

UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов пен оның әкесі Абдулманапқа Алматы облысында тұратын шебер Мейірхан Данышпановтың қолдан жасаған ер-тоқымы сыйға берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Cыйлық берілген сәттегі суретпен "Огни Алатау" басылымы бөлісті. Онда сыйды ұсынғандар мен әлемге әйгілі Хабиб пен әкесі Абдулманапты көруге болады.

UFC чемпионы қолына ер-тоқым ұстап тұр. Ал әкесінің қолында қамшы бар.

БАҚ ақпаратынша, Мейірхан Данышпанов өз мүгедектігіне қарамастан ұлттық нақыштағы керемет бұйымдар жасап шығарады. Ол Алматы облысы Ескелді ауданында тұрады. Нұрмағамедовтер үшін ер-тоқымды да сол жасаған.

Фото: ognialatau.kz
Фото: ognialatau.kz: UGC

Қолөнершінің айтуынша, оған Атыраудан хабарласып, спортшыға аттың үстінде жүру үшін ер-тоқым тапсырыс берген. Ол бұл ұсынысты естігенде қатты қуанып, бірден іске кірісіпті.

Мейірхан Данышпанов ұлттық заттарды дайындау оңай емес, кейде бір айға жуық кетуі мүмкін дейді.

Қазіргі уақытта маман өзінің сүйікті ісіне жастарды үйретіп жүр. Қазақстандық қолөнершінің сөзінше, бұл заттардың барлығы ата-бабаларымыздың мұрасы болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827516-kazaktar-habib-nrmagomedovke-er-tokym-syjlady-foto/

pixel