Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік жігіттер салонға барып, бетіне және қолына күтім жасайтын болған (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде ер адамдарға бет, қол, аяқ күтімдерін жасайтын VIP салондар көбейген. Оларда нәзік жандыларға арналған барлық процедуралар бар. Салонға бас сұғатын серілердің дені шаш қидырып қана қоймай, бетіне және қолына күтім жасауды әдетке айналдырған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік жігіттер де салонда бетіне маска, қолына маникюр жасайтын болған (фото)
Фотоколлаж: KAZ.NUR.KZ: Original

Осы орайда шаштараз ісінің шебері атанған 21 жастағы Өмірбек Жанайды әңгімеге тарттық.

Айтуынша, салонда шаш қиюдан бөлек бетіне күтім жасатып жүргендердің дені жастар болса, маникюр мен педикюр қызметтерін 40 жастан асқан ер адам тұтынады екен.

Ақтөбелік жігіттер де салонда бетіне маска, қолына маникюр жасайтын болған (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Өзімнің бұл іспен айналысып жүргеніме екі жылдай болды. Ерлер салонының қожайыны жақын ағаларымның бірі. Мені осы жерде жұмыс жаса, үйрен деп алып келді.

Шыны керек, бұрын қолыма қайшы ұстап көрмеген едім. Сол себепті шаштараз боламын деген ой болған жоқ. Ағамның көңілін қимай келісе бердім.

Бірінші ол менің шашымды алып берді. Енді ондай "VIP үлгіде" шаш қиғызып көрмеген маған қатты әсер берді. Қызыға бастадым. Бір ай бойы оқып, бәрін үйреніп алдым.

Қазір шаштараз шеберлерінің бірімін. Шаш қиып жүргеніме 2 жыл болды. Айына 100 мың теңгенің үстінде табыс табамын", - дейді ол.
Ақтөбелік жігіттер де салонда бетіне маска, қолына маникюр жасайтын болған (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ерлердің салонға келуі қазір қалыпты жағдайға айналған. Салон шеберлері жігіттер сән қуып емес, ұқыпты жүруі үшін ғана келетіндерін айтады.

"Қызметтерді сәндік үшін емес, ұқыпты, таза жүру үшін жасаймыз. Келген тұтынушының барлығына парафинотерапиясы тегін. Баласының шашын алдыруға келген анасының қолына да жасаймыз.

Жұма сайын тұрмысы төмен отбасы балаларының шашын тегін қиямыз. Жұмысым өзіме ұнайды, адамдармен байланыс көп.

Тырнақ жасайтын өз шеберлері бар. Қолының, аяғының тырнағын жасататындардың көпшілігі үлкен адамдар.

Жастар бірден қарсылық білдіреді. Жастар бет маскасы мен қолына пилинг жасатады",-дейді Өмірбек Жанай.
Ақтөбелік жігіттер де салонда бетіне маска, қолына маникюр жасайтын болған (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Айлап вахтаға баратын жігіттер салон қызметін пайдаланады екен.

"Біріңғай осы жаққа келемін. Әдет болып кетті. Айына бір келіп қолымды, бетімді ретке келтіріп, шаш қиғызамын. Айлап вахтада жүрген соң маған бұл қызмет ұнайды. Бәрін ұқыпты жасап береді, - дейді Арыстан есімді қала тұрғындарының бірі.
Ақтөбелік жігіттер де салонда бетіне маска, қолына маникюр жасайтын болған (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827648-aktbelik-zigitter-salonga-baryp-betine-zne-kolyna-ktim-zasajtyn-bolgan-foto/

pixel