Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пах, шіркін": Баян-домбырамен ән салған қазақ қыздары жұртты таңдай қақтырды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде сахнада бірге ән шырқаған дәстүрлі әнші қыздардың видеосы пайда болды. Көпшілік бір-бір домбыра және баянмен әуелете ән салған аруларға оң бағасын берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Getty Images

Бейнероликті әнші қыз Марта Төлепберген өзінің Facebook парақшасында жариялады.

"Алматылық дәстүрлі әншілер болып сахна төрінде бас қостық, олай болса бізден музыкалық сәлем болсын баршаңызға",- деп жазды ол.

Ал видеоны көрген жұрт қыздарға риза екенін айтып, ақ тілектерін білдірді.

"Сендер барда біз бармыз! Ықыласпен тыңдармыз!", "Пах, шіркін", "Тамаша", "Браво", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде бірнеше тілде сөйлейтін қазақ жігітінің видеосы тарады.

Көптеген тілді еркін меңгерген ол соңында өз ойын қазақша қорытындылаған. Бейнероликті белгілі тележурналист, бүгінде Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішев өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

"Тамаша! Тіл көз тасқа. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!", - деп жазды ол.

Мұны көрген көпшілік жігітке тәнті болып, ақ тілектерін жаудырған.

"Біздің елдің болашақтары, жарайсың", Айналайын, бақытты бол", "Өзге елдің қаншама тілінде сөйлесеңізде, Ана тілімізді қастерлеп, құрметтеп жүрген дұрыс", " Әр тіл өзінше ұлы. Туған тілің бәрінен артық. Осыны ұмытпайық! Талабыңа нұр жаусын, кішкентай бауырым! Әр қазақтың баласы сендей талапты, арманшыл, өз-өзіне сенімді болсын!", "Алла разы болсын, ботақан! Өркенің өссін!", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827730-pah-sirkin-baan-dombyramen-n-salgan-kazak-kyzdary-zrtty-tadaj-kaktyrdy/

pixel