Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі екінші әйел алуға ниетті

Опубликовано:

Абдулманап Нурмагомедов
Фото: Instagram

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі және жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов екінші әйел яғни тоқал алуға ниетті екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы журналистерге берген сұхбатында айтып қалған.

"Менің бір әйелім бар, екіншісін алу жоспарымда тұр. Үшіншісін ... білмеймін", - деп түсіндірді ол "Мир" телеарнасына берген сұхбатында.

Абдулманап Нурмагомедовтың сөзінше, ер азаматтарға Жаратушы бірнеше әйел алуға рұқсат берген.

Ер адам бір әйел тек мүмкіндігі шектеулі жандарда ғана болуы мүмкін екенін, нәзік жандыларды әрқашан сыйлау керектігін де атап өтті.

Еске сала кетсек, қыркүйек айының соңында UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен оның әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Атырау қаласына келді.

Мұнайлы өлкенің тұрғындары қазақ елінің қонақжай екенін танытып спортшының бапкеріне шапан жапты.

Жаттықтырушы еліміздің батыс өңіріне "“Atyrau Open Fest" жастар фестиваліне қатысты.

Ал әлемдегі танымал промоушнның чемпионы Атыраудағы спорттық жарыстың хедлайнері болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827862-habib-nurmagomedovty-kesi-ekinsi-jel-aluga-nietti-ekenin-asyp-ajtty/

pixel