Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды вокзалында ер адам суықтан үсіп қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Желідегі Instagram парақшаларының бірінде Қарағанды вокзалында суықтан үсіп қалған ер адамның видеосы тарап кетті. Онда жедел-жәрдем қызметі мамандарының ер адамға тиісті көмек көрсетіп жатқанын анық көруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: Instagram

Видео авторалары: "Қарағанды вокзалында ер адам қатты суықтан тоңып қалды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазған.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы аталған жайтқа қатысты пікір білдірді. Олардың мәлметінше, "103" қызметіне күндізгі сағат 11:31-да автовокзалда тұрған адамдардан қоңырау келіп түскен. Олар вокзалда мас күйде ер адамның жатқанын айтқан.

"Дәрігерлер барған соң, ер адамға тиісті көмек көрсетілді. Ол барлық сұрақтарға жауап берді. Бүгінде ол мас күйінде үсіп қалу дерегімен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомствода.

Басылымның мәліметінше, желі қолданушылары вокзалда ауа температурасы әдеттегіден төмен екендігін жазған.

"Тек біздің ғана вокзалда үсіп қалуға болады", "Вокзалда болдың не, далада болдың не – бәрібір суық, қатасың", "Онда 30 минут отырып қалсаң, аяғыңды үсіріп алуға болады", - деген пікірлерін жаудырып жатыр қарағандылықтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827978-karagandy-vokzalynda-er-adam-suyktan-sip-kaldy-foto-video/

pixel