Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева үйсіз қазақтарды "суырдан төмен" санаған кәсіпкерге шүйлікті

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева үйсіз қазақтарды "суырдан төмен" санайтынын атқан бизнес-тренер Ахметбек Нұрсилаға наразылығын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram, abai.kz
Фото: Instagram, abai.kz: Twitter

Бұл туралы әншінің өзі Facebook парақшасында жазды.

"Бүгін қонақта отырсам, сыпсың етіп Фариза деген қыз хабарласып, осы кісінің тренингіне шақырды. "Тренингке барып, уақытымды босқа жұмсайтын ақымақ емеспін. Сау болыңыз" дедім.
Қадалған жерден қан алардай, кенеше жабысып, whatsapp-қа жазыпты. Осы кісі өткізеді екен. Бармаймын. Блокка салдым да, ет жеп отыра бердім.

Қыста Астанада жанып кеткен бес қыздың (иманды болсын) ата-анасы жалқау ма? Түні бойы жұмыс істеп жүрсе де, бір үйге қолы жетпегендіктен, осындай жағдайға душар болды емес пе?

Бір танысым бар, қызметі бар, отбасымен үй жалдап тұрады. Өйткені, қара-шаңырақты ата-анасының үйін жөндеп жатыр. Өз басым көп уақыт "обычкада" тұрдым. Өйткені, анама, туыстарыма жәрдемдестім.
Үйі болмаса - ол адам емес, суырлар құрлы жоқ деу - ақымақтық. Мотивациясының түрін. Мұндай адамнан не үйренуге болады? Кім бұл? Танымайды екенмін, мұндай "ғұламаның" барын бірінші рет естуім", -деді Түсіпбаева.

Сондай-ақ, отандық әнші кәсіпкердің аяғы аспаннан салбырап түссе де, халықтан кешірім сұрау қажет екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ахметбек Нұрсила "Алматы" арнасында Асхат Садырбай жүргізетін "Не істейміз?" бағдарламасына сұхбат беріп, үй-күйі жоқ қазақтарды суырларға теңеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827995-meruert-tsipbaeva-jsiz-kazaktardy-suyrdan-tmen-sanagan-ksipkerge-sjlikti/

pixel