Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент денсаулық сақтау басқармасы бас дәрігерге қатысты жауап берді

Опубликовано:

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай Әбдіжаппарұлының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Абылай Донбай. Фото: Bsmp-uko.kz
Абылай Донбай. Фото: Bsmp-uko.kz: Facebook

Денсаулық сақтау басқармасы хирургтің құрықталғаны және қазіргі уақытта тергеу изоляторына тоғытылғаны туралы ақпаратты растады.

"Оның ұсталу деректері мен себептері БАҚ беттерінде тарады. Біздің басқарма ақпаратты ресми түрде растайды. Одан бөлек, қылмыстық істің тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаймыз",- деді ведомствода.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган тергеу жұмысының процесіне араласа алмайтынын мәлімдеді. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары процессуалды шешім қабылдайды.

"Абылай Әбдіжаппарұлы 2019 жылдың наурыз айынан бастап № 1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері болып қызмет атқарады",- деді басқармада.

Айта кетейік, Шымкентте №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері ұсталды. Белгілі трансплантолог, бірінші санаттағы хирург Абылай Донбай трансұлттық қылмыстық топқа қатысы бар деп күдіктелуде. Сонымен қатар, ол адам ағзаларын заңсыз алумен айналысқан деген болжам бар.

Тергеу Донбай бүйректерді алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз оталар жүргізген деп есептейді. Ақ халатты жан Өзбекстан, Қырғызстан және Украина азаматтарына бүйрек салу арқылы ол аса ірі көлемдегі гонорар алып отырған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828124-symkent-densaulyk-saktau-baskarmasy-bas-drigerge-katysty-zauap-berdi/

pixel