Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шариғат талабы емес": Марқұмның қырқы мен жылын берген дұрыс па

Опубликовано:

О дүниелік болған адамның қара жамылған үйі міндетті түрде жетісін, қырқын, жылын өткізеді. Мұсылман қауым марқұмның о дүниеде жаны тыныштық табуы үшін жоралғының барлығын қалдырмауға тырысады. Ендеше, қаралы үйге қатысты қандай қате түсініктер бар? Бұған қатысты ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: islam.kz
Көрнекі фото: islam.kz: Twitter

Естеміровтің сөзінше, жұртқа ас таратудың сауапты іс екені аят пен хадистерде баяндалған. Бірақ, оның қазалы үйге қатысы жоқ.

"Халыққа арнайы дастархан жайып, қазалы жандарға ауыртпалық түсірмеу үшін шариғатта "Қазалы үйде үш күнге дейін ас асылмасын" делінген. Өздері жақындарынан айырылып, қайғырып отырған үй иелеріне тамақ әзірлеп, кісі күттіріп қойған дұрыс емес. Марқұмның отбасына көршілерінің тамақ дайындап бергені жөн. Бұл – сүннет", - дейді ол.
Сондай-ақ, халық арасында "Жетісінде мәйіт ісінеді, қырқында еті мен сүйегі ажырағанда мәйіт қатты қиналады. Сондықтан ас беріп, дұға жасау керек екен" деген түсінік бар. Бірақ бұл – қате түсінік", - дейді Естеміров.
Мұхамеджан Естеміров. Фото: otyrar.kz
Мұхамеджан Естеміров. Фото: otyrar.kz: Twitter
"Марқұмның үш күндігін, жетісін, қырқын, жүз күндігі мен жылын беру шариғаттың талабы емес. Мұны Ханафи мәзһабының ғалымдары жаназасына қатыса алмаған алыстағы ағайын-туысқандары көңіл айтып, көрісу үшін жасалатын "мубах" (рұқсат етілген) жоралғыларының қатарына жатқызады",- деп толықтырды ол.

Сонымен қатан өкіл имамының орынбасары мәйітті шығару кезінде тиын шашу, жыртыс, шапан, кілем тарату әрекеттері де шариғатқа қайшы екенін де атап өтті.

"Марқұм болған кісінің көзі тірісінде киген киім-кешегін таратқан дұрыс. Оны да қастерлеп, аяқасты етпейтін ет жақынына берген жөн. Марқұмның киімін өртейтіндер де бар. Бұл да мүлдем қате әрекеттер. Одан да мешітке әкеліп берсе, мұндағылар тұрмысы нашар, мұқтаж жандарға береді.
Айта кетер тағы бір жайт, марқұмды шығарғанда ораған кілем мәселесі. Кілемді молдаға беру шарт емес. Оны шаңырақта қалдыруға да болады. Мешітке өткізсеңіз, жайнамаз ретінде төселеді немесе тұрмысы төмен отбасыларға таратылады", - дейді Мұхамеджан Естеміров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828131-sarigat-talaby-emes-markmny-kyrky-men-zylyn-bergen-drys-pa/

pixel