RU

Таразда оқушы қыздың зорлануы: Білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті

Таразда мектеп оқушысының дәретханада зорлану оқиғасына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Рахия Тұрмаханбетова. Фото: elana.kz
Рахия Тұрмаханбетова. Фото: elana.kz: Facebook

Рахия Тұрмаханбетова бұл қызметте бірнеше жыл жұмыс істеген. Оқытушылық еңбек өтілі 30 жылдан асады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Таразда жетінші сынып оқушысының дәретханада зорланғаны туралы хабарланған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мектеп оқушысы 12 жаста.

Полицейлер ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай құрықтаған. Оқушыны мектеп дәретханасында зорлаған азаматты анықтауға бейнебақылау камералары көмектескен.

Ұсталған ер адам 38 жастағы үйленбеген, бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған азамат болып шықты. Ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Жантүршігерлік жайттан кейін мектеп директоры мен тағы үш қызметкер жұмыстан босатылды.

Сондай-ақ, елді дүрліктірген оқиғадан кейін бірнеше полиция қызметкері жазаланып, мектеп инспекторы да қызметінен шеттетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828171-tarazda-bilim-baskarmasyny-bassysy-z-erkimen-zmystan-ketti/