Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гонконгтегі қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды

Опубликовано:

Гонконг қаласында наразылар мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Гонконг қаласы полициясының қазақстандық дипломаттарға ұсынған ақпаратына сәйкес, 18 қараша күні наразылық танытушылармен қақтығыс барысында Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр ұсталған.
Консул азаматымызға барды, оның денсаулық жай-күйі тұрақты, оң қолының шынтағында ұстау кезінде құлаған сәтте алған аздаған жарақаты бар. Ұсталу жағдайына ешқандай шағымы жоқ", - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, бүгін оның ісіне қатысты алдын ала тыңдау өткен. Қазіргі уақытта Қазақстанның бас консулы бұл істі айрықша бақылауына алып отыр. Дипломаттар да Қазақстан азаматының құқықтарының сақталуын қадағалайды.

"Дегенмен, дипломаттар қылмыстық істер жөніндегі адвокат іздеп жатыр. Атап өтерлігі, соңғы уақытта Гонконгта 4 мыңнан астам адам ұсталды және осыған байланысты адвокаттардың жетіспеушілігі байқалады", - деді министрлік.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Гонконгте жаппай наразылықтар ұйымдастырылып жатыр. Осыған байланысты СІМ қауіпсіздік мақсатында сол елде оқып жатқан қазақстандық студенттерді елге қайтуға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828203-gonkongtegi-kaktygys-kezinde-kazakstan-azamaty-staldy/

pixel