Алғаш рет жекеменшік мектептер мемлекеттік білім беру тапсырысын ала бастады
Жарияланған күні:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жекеменшік мектептердің мемлекеттік білім беру тапсырысын алуы көзделген.
Жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үдерісі 2019 жылдан басталды. Осы мақсаттарға 3 жылдық бюджетте 56 млрд. теңгеден астам қаражат көзделген, бірақ бұл қаражат бюджетті атқару барысында секвестрлеуге жатпайды.
Бүгінгі таңда республикамыздың 108 жекеменшік мектебінде 30 мыңнан астам орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілгелі бері қысқа уақыттің ішінде 70 жекеменшік мектеп ашылды. Бұл соңғы 10 жылда ашылған жекеменшік мектептердің ең көп саны.
Сонымен қатар, 2020-2021 жылдары 90-нан астам жекеменшік мектеп ашылады деп күтілуде.
Жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың мақсаты:
- оқушы орындарының тапшылығын қысқарту;
- жеке меншік мектептер желісін кеңейту;
- жаңа озық педагогикалық әдістемелер мен білім беру бағдарламаларын енгізу;
- оқушыларды қосымша біліммен қамту.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға жаңадан ашылған барлық жекеменшік мектептер үміткер бола алады.
Сонымен қоса, жекеменшік мектептер құрылыс және рекоснтрукция жасау жолымен ашылған жағдайда инвестициялық шығындарды өтеуге мүмкіндік беретін ұлғайтылған мөлшер төленеді.
Операциялық шығындарды өтеуге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері:
- білім деңгейіне (1-4, 5-9, 10-11 сыныптар);
- білім беру бағдарламаларының түріне (жалпы білім беру, түзету, үйде оқыту, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған инклюзивті білім беру);
- орналасқан жеріне (қала/ауылдық жер);
- тұратын жеріне (экологиялық апат немесе радиациялық қауіпті аймақ, аймақтан тыс) байланысты өзгереді.
Жаңадан енгізілген жекеменшік мектептер үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін есептеу үлгісі.
*2019 жылға орташа мәні – 235,7 мың теңге
Жекеменшік мектептердің құрылысын қолдау тетігі туралы толығырақ ақпаратты 8 (7172) 695-035, 695-876, call-center - 8 800 080 28 28 (байланысу тегін) телефондары арқылы және www.fincenter.kz сайтынан алуға болады.
ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828273-algas-ret-zekemensik-mektepter-memlekettik-bilim-beru-tapsyrysyn-ala-bastady/