Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абаев өлімнен кейінгі донорлыққа келісім беру туралы құжатқа қол қоймақшы

Опубликовано:

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жақын арада өлімнен кейінгі донорлыққа келісім беретін туралы құжатқа қол қоятынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы министр "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында айтты.

Абаев соңғы жылдары Қазақстан медицинасының орган алмастыруда үлкен жетістікке жеткенін атап өтті.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта дәрігерлер ең күрделі оталарды жасап, шетелдік клиникаларда тәжірибе жинақтап жүр.

"Менің білуімше, Қазақстанда бір жылда осындай үш жүзге жуық ота жасалады. Мұның қандай қиын екенін, зергерлік жұмыспен тең екенін білесіздер. Егер өлімнен кейінгі ерікті донорлықты дамытсақ, көбірек адамның өмірін құтқарып қалар едік. АҚШ-та жүргізуші куәлігінде көптеген адамдардың қаза тапқан жағдайда донорлыққа келісім беретіндігі көрсетілген. Қазақстанда бұл әлі жолға қойылмаған", - деді ол.

Министрдің пікірінше, қазақстандықтар органдардың заңсыз нарықта сатылып кетуінен қорқады немесе діни себептерге байланысты келісім бермейді.

"Алайда, мен дінбасылармен сөйлескенімде, бірде-бір дәстүрлі діннің донорлыққа тыйым салмайтынын айтты. Бұл тұрғыда ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Мен бұл туралы ойланып жүрдім және жақын арада өлімнен кейінгі донорлыққа келісім беретінім туралы құжатқа қол қоямын", - деді Абаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828440-abaev-limnen-kejingi-donorlykka-kelisim-beru-turaly-kzatka-kol-koatynyn-mlimdedi/

pixel