Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сбербанк өз клиентіне "жыла, еврейлерді өлтір" деген сөзі бар код жіберген

Опубликовано:

Сбербанк клиентіне арнайы бағдарлама жасаған оғаш код келді. Егер оны ағылшын тілінен аударса, онда "еврейлерді өлтіруге" шақыратын сөз жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ресейлікке келген sms-тің скриншотын Twitter желісінде "Нож" басылымының аға-редакторы Артем Чапаев көрсеткен.

Мазмұнына қарағанда, хабарламада клиенттердің біріне жеке шарттар бойынша неси рәсімдеу ұсынылған.

Несиені рәсімдеу үшін ұйым кеңсесіне келіп құпия сөзді айту жеткілікті болған. Осы ретте бір түрлі код келген.

Кодта мынадай - CRYVKILLJEWS әріптер болған. Егер ағылшын тілінен сөзбе сөз аударса: "жыла, еврейлерді өлтір" деген мағына береді.

Скриншотты жариялағаннан кейін Сбербанк жауап берген.

"Что именно вас смыщаешь", - деген жауап келген.

Алайда комментарий артынша өшіріліпті.

Артем Чапаев қаржы ұйымының өкілдеріне генератор жіберген кодтың қандай мағына беретінін айтқан. Алайда банк бұл біреудің қалжыңы болар, құпия сөзді фотошопта жасаған деп жауап берген.

Скриншот: adindex.ru
Скриншот: adindex.ru: UGC

Дегенмен олар мұндай құпия сөздің шыныменде sms-те көрсетілгенін мойындап, кешірім сұраған.

Одан бөлек, Сбербанктегілер болған жағдайға ирониямен қарап, бағдарламаның ешкімді ренжіткісі келмегенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828475-sberbank-z-klientine-zyla-evrejlerdi-ltir-degen-szi-bar-kod-zibergen/

pixel