Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда аялдамасындағы жол апаты: Зардап шеккен тағы бір бала қайтыс болды

Опубликовано:

Қызылорда қаласындағы аялдамалардың бірінде болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен тағы бір бала ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оны аман алып қалу мүмкін болмағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қайғылы оқиғаны Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

"Ауыр хәлде түскен зардап шегушіге дәрігерлер шұғыл түрде ота жасады. Өкінішке орай, қажетті ем-домның барлығы тиісті деңгейде жасалуына қарамастан баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", – деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Зоя Көшенова.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты кеше, 21 қараша күні таңертең Наразабаев даңғылында болды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі белгісіз себептермен Mercedes-Benz-ке соғылып, содан кейін рөлді басқара алмай автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағып кеткен.

Садарынан үш адамның оқиға орнында көз жұмғаны белгілі болды. Кейін қаза болған екі жасөспірімнің бір үйдің балалары екені анықталды.

Бұдан бөлек, екі адам түрлі жарақаттармен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген болатын.

Сондай-ақ, адамдардың өліміне себепкер болған көлік жүргізушісі ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Мамандар қажетті сараптамаларды жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828563-kyzylorda-aaldamasyndagy-zol-apaty-zardap-sekken-tagy-bir-bala-kajtys-boldy/

pixel