Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдағы қыздың өлімі: Қала әкімдігінің тағы екі бөлім басшысы жұмыстан кетті

Жарияланған күні:

Оралда мектеп оқушысының өмірін қыршынынан қиған жол апатына байланысты туындаған жанжалдан кейін қала әкімдігінің тағы екі екі бөлім басшысы өз еркімен қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Басылымның жазуынша, шенеугіктердің жұмыстан кеткенін қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеген. Болған қайғылы жағдайдан кейін өз қызметін білім бөлімінің және жолушылар көлігі мен автомобильді жолдар бөлімінің басшысы тастап кеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оралда 20 қараша күні орын алған жантүршігерлік оқиға жайлы хабарлаған болатынбыз. Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолымен өтіп келе жатқан он жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полция оның қашып кетпеуіне жол бермес үшін оны ұстау операциясын іске асырды.

Бала өлімі орын алған жол апаты үшін Орал басшысы Абат Шыныбеков сөгіс алды. Өңір әкімі қалада адам өмірін қыршынынан қиятын жол-көлік оқиғалары көбейіп кеткенін айтты. Ол жергілікті билікке жолдардағы қауіпсіздікке аса үлкен мән беру керектігін жеткізді.

Әкімге жарияланған сөгістен кейін, ТКШ және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы өз еркімен жұмыстан кеткені белгілі болдыү.

Бұл оқиғаға қатысты Оралда тағы бір жанжал орын алды. Марқұм қыздың ата-анасы оның денесін сот сараптамасы орталығынан алып кетпек болғанда олардың қаза тапқан перзентінің денесі басқа бөтен ата-ананың қолына берілгені анықталды.

Мекеме қызметкері тиісті құжаттарды тексерместен, қыздың денесін баласынан айырылып өзге отбасыға беріп қойған. Онсыз да ауыр жағдайды басынан өткеріп жатқан екі жанұя үшін бұл оқиға нағыз шок болды.

БҚО-ның әділет министрлігі жанжал болған мекемеде қызметтік тексеріс жүргізіп, оның нәтижесінде жұмысына салғырт қараған қызметкері жұмыстан қуылып, орталық басшысына аса қатаң сөгіс жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828693-oraldagy-kyzdy-limi-kala-kimdigini-tagy-eki-blim-bassysy-zmystan-ketti/